ОБЛЫСТА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ БАЙҚАЛАДЫ

90

0

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысы Молдабаев Марсбек Рүстемұлы мәлімдеді Қызылорда облысында 54 әлеуметтік нысанның (мектеп, балабақша, клуб, аурухана, емхана, инженерлік жүйелері т.б.) құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 23 нысан 2016 жылдан өтпелі болса, 31 нысан бойынша құрылысы ағымдағы жылы басталған.
Қазіргі таңда олардың 19-ы тапсырылып (14 мектеп, 2 балабақша, 1 спорт нысаны, клуб-1 және аурухананың кәріз желісінің қайта жаңғырту), ал жылдың аяғына дейін 7 нысанның (1 балабақша, полиция ғимараты, аурухана, емхана, мұрағат, әкімшілік ғимараты және темір жол тұйығы) құрылысы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қалған 28 нысанның құрылысы келесі жылға өтпелі.
Мемлекеттік қолдауымен облыста тұрғын үй құрылысы саласында тұрақты даму тенденциясы байқалады. Атап айтсақ, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі 2013 жылы 270 мың шаршы метрді құраса, бұл көрсеткіш 2016 жылы 543,7 мың шаршы метрге дейін өсіп, соңғы төрт жылда екі есеге артты.
Бұл саладағы өсу динамикасы ағымдағы жылы да өз жалғасын тауып отыр. Мысалы, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 151,5 мың шаршы метр болатын 47 көпқабатты (1983 пәтер) тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Осы ретте, ағымдағы жылы тек Қызылорда қаласы бойынша автобус паркі мен (депосы) газ толтыру компрессорлық станциясының құрылысы, Қорқыт ата көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары және 28 көпқабатты тұрғын үй құрылысы (СПМК-70 тұрғын ауданында – 5 үй, Жаппасбай батыр көшесінде және Титов қыстағы – 15 үй, Демесінов көшесінде-4 үй, Арай-3 тұрғын ауданында – 3 үй, Желтоқсан көшесінде – 1 үй) халықтың игілігіне пайдалануға берілсе, қазіргі таңда 2-і балабақша (Тасбөгет кенті, Арай м/а), шыны зауыты, мемлекеттік мұрағат,Титов қыстағынан индустриялық аймаққа дейінгі темір жол тұйығы 19 көпқабатты тұрғын үй (Жаппасбай батыр көшесінде-2 үй, Арай ауданында-4 үй, Желтоқсан көшесінде-1 үй, Абай Құнанбаев көшесінде – 1 үй, Сырдария ауданы – 10 үй, Жанақорған ауданы – 1 үй) және Белкөл кентін газдандыру құрылысы жүргізіліп жатыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз