Облыста жаңа судьялар тағайындалды

46

0

Облыста жаңа судьялар тағайындалдыБүгін, Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.М.Қайырбеков жаңадан тағайындалған судьяларды ұжымға таныстырды. Бұл туралы Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамызында № 899 Жарлығымен жаңадан тағайындалған судьялар: Қызылорда қалалық сотына – Абылайқызы Зәбира, Тоғызбаева Меруерт Арал аудандық сотына – Мұратбекұлы Данияр, Жаңақорған аудандық сотына -Елшібеков Бақытбек, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына – Байболатова Алуа, Өтегенова Сәуле, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына – Біржанов Қайратбек ант қабылдай отырып, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау жолында бар күш-жігерлерін салып, адал қызмет атқаруға міндет алды.

Өз кезегінде Қызылорда облыстық соттың төрағасы жаңадан тағайындалған судьяларды құттықтап, алдағы қызметтеріне табыс пен сәттілік тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз