Облыста жетекші партияның 38 мың мүшесі бар

53

0

Облыста жетекші партияның 38 мың мүшесі барАстана күніне орай «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы,  облыс әкімі Қырымбек Көшербаев партия билеттерін табыстады.
«Нұр Отан» партиясының 15 съезінде саяси ұйымның жаңа эмблемасы бекітілген болатын. Осыған орай бүгінде ескі билеттерді жаңаға алмастыру жұмыстары жүріп жатыр. Облыста жетекші ұйымның 38 мыңнан мүшесі бар. Соның 25 мыңға жуығы билеттерін жаңасына ауыстырды. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының төрағасы, аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев Астана күніне орай партияның 14 мүшесіне билетті салтанатты түрде табыстады. Оның тоғызы партия қатарына жаңадан қабылданғандар. Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мүшелікке өткен азаматтардың қатарында мүмкіндігі шектеулі кісілер, медбике, өнер, спорт саласының мамандары бар. Енді олар да «Нұр Отанның» өркендеуіне одан әрі үлестерін қоспақ. Партиялықтар еркін форматта кездесу өткізіп, атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктерді пысықтады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз