ОБЛЫСТАР ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ

41

0

«Саясат-Monitoring”
тобының зерттеушілері 2014 жылдың сәуір айының нәтижелері бойынша әкімдер
жұмысының тиімділігін анықтады.

Зерттеушілердің
сауалнамаларына 30 саясаттанушы, қоғам қайраткерлері, блогерлер, саяси
технологтар және журналистер қатысты. Респонденттерге өңір басшыларының жұмысын
бірнеше көрсеткіштер бойынша бағалау ұсынылды.

Оның
нәтижесінде алғашқы үш орынды Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов,
Алматы әкімі Ахметжан Есімов және
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев иеленді.

Рейтингідегі төртінші орынға Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев
көтерілді. Көшбасшылар тобын әкімдер корпусындағы ең тәжірибелі басшылардың
бірі Бердібек Сапарбаев қорытындылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз