Облыстағы «Үздік мемлекеттік қызметші» анықталды

45

0

Облыстағы «Үздік мемлекеттік қызметші» анықталдыҚызылорда облысында Мемлекеттік
қызметші күні қарсаңында Облыстық мемлекеттік қызмет істері
департаментімен мемлекеттік қызметшілердің кәсіби шеберлігін айқындайтын
«Үздік мемлекеттік қызметші» атты байқауы өткізілді.
    Байқаудың мақсаты – мемлекеттік қызметті дәріптеу және оның имиджін нығайту, мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін көтеру.
    Байқауға қатысушыларды Департамент басшысы Жазира Жылқышиева қарсы
алып, қазіргі таңда Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» жүзеге асыру бойынша
жұмыстар жүргізілуде және басым бағыттардың бірі мемлекеттік қызметтің
кәсіби аппаратын қалыптастыру болып табылатындығын атап өтті.
    Ақтық мәреге іріктеу турына қатысқан 20 үміткердің 10-ы өтті. Бұлар
– облыстық департаменттердің, басқармалардың, облыстық, қалалық және
аудандық әкімдіктердің қызметкерлері.
    Байқаудың ақтық айналымы үш кезеңнен тұрды. І – ші кезеңде
қатысушылар ақпараттық технологияларды қолдана отырып, өздері және өз
жұмыстары жайында өзін-өзі таныстырды. Байқаудың ІІ – ші кезеңінде,
қатысушылардың қолданыстағы ҚР заңнамаларын білу және ситуациялық
сұрақтарға жауап беру деңгейі анықталды. ІІІ-кезеңде қатысушылар өздерін
шығармашылық жағынан көрсетті: би биледі, ән айтты, өздері шығарған
өлеңдерді, сондай-ақ Қазақстаннның ұлы ақындарының шығармаларын оқыды.
    Байқаудың нәтижесі бойынша «Үздік мемлекеттік қызметші» болып
Сырдария ауданы, Қалжан ахун ауылдық округінің әкімі аппаратының бас
маманы Ерлан Әбілдаев танылды.
    Екінші жүлделі орынды облыстық статистика департаментінің жетекші
маманы Әсем Әлібек иеленді. Үшінші орынды облыстық статистика
департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Нұрқабылова жеңіп алды.
    Байқау жеңімпаздары құттықтау дипломдары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
    Ақтық айналымның барлық қатысушыларына Департамент басшылығының алғыс хаттары табысталды.
    Осындай байқаулар жыл сайын өткізілетін болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз