ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ XVIII СЕССИЯСЫ ӨТТІ

63

0

ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ XVIII СЕССИЯСЫ ӨТТІӘрбір ауданда кем дегенде бір-бірден этномәдени бірлестік жұмыс жасауы тиіс. Облысымыздағы ірі компаниялар мен кәсіпорындарда да қоғамдық келісім кеңестерін құрып, этносаралық тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтудағы жұмыстарын тұрақты жүргізіп отыру қажет. Бұл туралы бүгін Қызылордада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XVIII сессиясында айтылды. Сессия жұмысына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, облыстық ассамблея мүшелері мен жастар, ұлттық этномәдени орталықтардың өкілдері, бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысты.

Жиында Қазақстан халқы Ассамблеясы XXII сессиясының қорытындыларынан туындайтын міндеттер талқыланды. Аймақ басшысы биылғы жыл – ел бірлігінің, Елбасы жариялаған Қазақстан халқы Ассамблеясының, қоғамдық келісім моделінің жылы екенін атап өтті.
– Күні кеше ғана Сыр елінің үлкен делегациясы Елордада президенттік сайлауда айқын жеңіске жеткен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұлықтау рәсіміне қатысып келді. Елбасы Сыр елінің халқына айрықша ризашылығын білдіріп, қарқынды даму үстіндегі өңірлердің қатарында Қызылорда облысын ерекше атап өтті. Ұлт Көшбасшысының жоғары бағасы Сыр елінің әрбір азаматына тиесілі екенін атап өткім келеді, – деді аймақ басшысы.
– Айта кетейік, Қызылордада Ассамблея жылында «Достық үйі» пайдалануға беріліп, облыста жұмыс істейтін барлық ұлттық-мәдени орталықтар мен ассамблеяның ортақ шаралар орнына айналмақшы. Бүгінгі таңда нысанның құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, қыркүйек айында беріледі деп жоспарлануда. «Жиырма ізгі іс» эстафетасы игі бастаманың шеңберінде облыста 100-ге тарта шара ұйымдастырылып, 24 мың адамға 46 млн. теңгеден аса түрлі көмектер көрсетілді. Күні кеше су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысына Сыр елінен 125 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Бұның барлығы халқымыздың дархан көңілінің көрінісі.
Сонымен қатар, облыс әкімі, Қазақстан халқы Қызылорда облыстық ассамблеясының төрағасы Қ.Көшербаев осыған дейін Қазақстан халқы Қызылорда облыстық ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары болған Ашур Хамидовқа алғысын білдіріп, орнына корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Елена Кимді тағайындады.
Сессия барысында аймақ басшысы қоғамдық келісімнің нығаюына, ел бірлігін дамытуға үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» және «Бірлік» алтын медалі төсбелгілерімен марапаттады.
Сессия жұмысын қорытындылай келе облыс басшысы Қ.Көшербаев басқарма басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз