Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

44

0

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалдыОблыс әкімінің 2015 жылғы 24 маусымдағы өкімімен Жаханов Бахыт
Дүйсенұлы Қазалы ауданының әкімі қызметінен босатылып, Қызылорда
облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына
тағайындалды.
    Жаханов Бахыт Дүйсенұлы 1974 жылы Қызылорда қаласында дүниеге
келген. 1996 жылы Ы.Жахаев атындағы политехникалық институтында
экономист-менеджер мамандығы бойынша білім алған.
    Еңбек жолын 1996 жылы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы
департаментінің жетекші маманы болып бастаған. 2008-2011 жылдары
Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы, сондай-ақ, табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды реттеу басқармаларын басқарған. 2011-2013 жылдары
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2013 жылдың
ақпан айынан осы кезге дейін Қазалы ауданының әкімі лауазымында қызмет
атқарып келді.
     – Соңғы 2 жылда ауыл шаруашылық саласына бөлінген қаржы 7 есеге
өсті. Бұл саладағы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда қыруар
жұмыс бар. Сондықтан Президент әкімшілігінің келісімімен жауапты
қызметті Бахыт Дүйсенұлына тапсырып отырмыз. Жұмысына сәттілік тілейміз,
– деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз