ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТЕР ТОЛЫҚТЫ

48

0

 

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТЕР  ТОЛЫҚТЫ2016 жылдың 28 қаңтарындағы мәлімет бойынша
жекешелендіруге сәйкес елімізде саудаға
430 нысан шығарылып, 243-і сатылды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз
қызметі хабарлады.

«Науқан аясында республикалық бюджетке 5 509 млн
теңге, облыстық бюджеттерге 3 483 млн теңгеден астам түсті. Ал холдингтер
бюджеті 67 261 млн теңгеге, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар бюджеті 2 956
млн теңгеге толықты», – делінген баспасөз баянында.

Бұл ретте республикалық меншік
бойынша 2016 жылғы 28 қаңтардағы мәліметке сәйкес сауда-саттыққа 28 нысан
шығарылып, 15 нысан сатылды. Ал коммуналдық меншік бойынша іс жүзінде 222 нысан
саудаға қойылып, 118-і сатылды. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бойынша 86
объекті сатуға қойылып, 60 нысан саудаланған. Ұлттық компаниялар мен
холдингтердегі 112 нысанның 94 нысаны сауда-саттыққа шығарылды, оның ішінде 50
нысан сатылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз