Облыстың Кеден одағы елдеріне экспорты 12,8 пайызға өсті

37

0

 Алдын–ала деректер бойынша 2013 жылдың қаңтар-қарашасында Қызылорда облысының Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 73051,1 мың АҚШ долларын құрады, немесе 2012 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 26,5%-ға азайды.
 Облыстық статистика департаментінің хабарлуынша,  оның ішінде экспорт  7047,4 мың АҚШ доллар (12,8%-ға өсті), импорт – 66003,8 мың  АҚШ доллар (29,2%-ға төмен). Барлық экспорт көлемі Ресей Федерациясына қалыптасты,  импорт 62622,2 мың АҚШ долларын құрады. 2013 жылдың қаңтар-қарашасында Беларусь Республикасынан импорт 3381,6 мың  АҚШ долларын  құрады. Қызылорда облысының экспорты құрылымында көпшілігін малдан шығатын, өсімдік тектес өнімдер және дайын азық-түлік тауарлар (85,9% Кеден одағы елдерінің барлық экспорттының көлеміне), пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар (13,8%) құрады. Ресей Федерациясынан және Беларусь Республикасынан үлкен дәрежеде машиналар, жабдықтау, транспорттық құралдар және аппараттар (Кеден одағы елдерінің импорттың жалпы көлеміне 50,1%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (14,4%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (11,3%), тастан, гипстен, цементтен бұйымдар, шыны және одан жасалған бұйымдары (9,1%) келген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз