Облыстық кітапханада генерал Сабыр Рақымовқа арналған кеш өтті

44

0

Ә. Тәжібаев атындағы облыстық  әмбебап ғылыми кітапханасының балалар
әдебиеті бөлімі  Ұлы Жеңістің 70
жылдығына   Кеңес Одағының Батыры, қазақ
халқының тұңғыш генералы Сабыр Рахымовтың өмірін, қызметі мен ерлігін
насихаттау  мақсатында  9 сәуір күні 
«Қазақтың тұңғыш генералы»
атты тарихи-танымдық кеш өткізді.
Мақсаты – Кеңес Одағының Батыры, қазақ
халқының тұңғыш генералы Сабыр Рахымовтың 
өмірімен терең таныстыру, ерлікке толы өмірін үлгі ету. Отанын, халқын,
тарихын Сабырдай сүйіп, Отанға адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Кешті 
№264 мектеп-лицейдің 2 «а» сынып оқушысы Шегебай Заңғар М.Мақатаевтың
«Қырық бірінші жыл» өлеңімен ашты. 
Шараға № 6 орта мектептің оқушылары қатысты. Балалар Кеңес Одағының
Батыры Сабыр Рақымовтың өмір жолымен 
және соғыстағы ерлігі туралы мәлімет алып, бейне-роликті
тамашалады.  Сабыр Рақымовқа арналған арнау
өлең,  патриоттық тақпақтар  оқылып, әндер шырқалды.
Сонымен қатар ««Тұңғыш  генерал – Сабыр Рахымов» атты кітап
көрмесі ұйымдастырылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз