
Жаңа бастықты жеке құрамға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің басқарма бастығы полковник Мұсаев Қанат Өмірбекұлы таныстырды.
Дәулетбахов Мұрат 26.03.1966 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген.
Әскери қызметтегі жолдарын 1994-2002 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Еңбекші, Әл-Фараби, Кентау аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқарма, бөлімдерде әртүрлі лауазымда қызмет атқарудан бастаған.
– 2002-2012 жылдары ОҚО Бәйдібек, Ордабасы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдердің бастығы;
– 2012-2013 жылдары Жамбыл облысының Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы;
– 2013-2017 жылдың наурызна дейін Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының бірінші орынбасары – жұмылдыру басқармасының бастығы лауазымдарын атқарған.