Облыстық оқу семинары өтті

61

0

Облыстық оқу семинары өттіҚызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 9-11 маусым аралығында Жаңақорған ауданында «Zhastar Camp Qyzylorda – 2017» облыстық оқу семинары өтті.
Оқу семинарын «Жастар» ғылыми зерттеу орталығының басқарма басшысы Наурызбай Нұрлыбаев және ұлттық тренерлер пулының тренері Файзуллаев Данил жүргізді.
Оған аудандық, қалалық, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі қызметкерлері, жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.
Қатысушылар оқу семинарының алғашқы күні Қазақ хандығының ордасы болған «Сығанақ» қаласымен танысып, Жаңақорған кентінде орналасқан әк зауытының жұмысын көрді.
Оқыту семинары – «Жастар ресурстық орталықтары стандарттары және қызметін бағалау әдістемесі», «Жастар ресурстық орталығы қызметінде қажеттіліктерді анықтау және жоспарлау әдістері» тақырыптарында өтті.
Сондай-ақ, қатысушы жастар Жаңақорған ауданы әкімі Ғ.Әміреевпен кездесіп, еркін пікір алмасу өрбіді. Оқу семинарымен қатар қатысушыларға тимбилдинг, квест ойындары және спорттық ойындар ұйымдастырылды.
2 күнге созылған оқу семинары қатысушы мамандарға тың серпін берумен қатар, біліктіліктерін арттыруда мол септігін тигізді. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Облыстық оқу семинары өтті
Облыстық оқу семинары өтті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз