Облыстық прокуратура өткен жылды қорытындылады

41

0

  Қызылорда облыстық прокуратурасы органдарымен 2013 жылы әлеуметтік-экономикалық сала бойынша заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. 3,3 млрд. тенгеге бюджтеттің толтырылуы қамтамасыз етілді.
   Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, заңға қайшы 1455 актілердің, оның ішінде 11 нормативтік-құқықтық сипаттағы актілердің күшітері жойылды. 20 мыңнан астам азаматтардың құқықтары, оның ішінде 247 кәсіпкерлердің құқықтары қорғалып, 198 кәсіпкерлерді тексерудің жолы кесілді. Облыстық прокуратурамен азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуына ерекше назар аударылды. Қолданылған шаралардың нәтижесімен 80 мекеменің 15 мың жұмысшыларының 917,4 млн, теңге жалақыдан қарзыдарының төленуі қамтамасыз етілді. Қазақстандық жұмысшылардың шетел компанияларындағы жалақылары сәйкестендірілді.Бүгінгі күні 9 мекеменің 49,2 млн. теңгесінің төлену бағытында жұмыстар атқарылуда.
Сыбайлас жемқорлық сипатында құқық бұзушылықтарға жол берген 43 тұлға тәртіптік, оның ішінде 20-ы басшы қызметтегі тұлғалар тартылды. Сыбайлас жемқорлық сипатында құқық бұзушылыққа жол бергені үшін Сырдария ауданының бұрыңғы әкімі Ғ.Әбілтай әкімшілік жазаға тартылды. Осы бағытта көптеген қылмыстық істер қозғалып, 13 млн. теңге мемлекеттік бюджетке өндірілген. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында оңды жұмыстар атқарылды, оған дәлел оңтайлы топқа түскен арыздардың саны өскен. Нақты айтқанда, оңтайлы топтың сенім телефонына 55 (47) арыздар түсіп, оның 21 (24) қуатталып, оның ішінде 14 заңсыз әрекеттерге тосқауыл қойылды.
Оған қарамастан, мемлекеттік органдармен бүгінгі күнге дейін кәсіпкерлердің құқықтары бұзылуда, яғни тексеруді жоспарлау барысында кемшіліктер орын алуда.
     Прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесімен бақылаушы органдардың тексеру жоспарына енгізілген 198 тексерулер күші жойылған. Прокуратура органдарымен үдайы түрде «Шенеунік және кәсіпкер» атты акциялары өткізілуде (11 акция өткізілген). Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытында 3700 заң бұзушылықтар анықталып, 179 заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар енгізіліп, 620 тұлға әртүрлі жауапкершіліктерге тартылған. 2783 жасы кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтары қорғалған. Прокуратура органдарының араласуынан кейін ғана 188 кәмелетке толмағандарға қамқоршы және қорғаншы органынан 3 млн. теңге жәрдемақыларының төленуі қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, мектеп директорлары және білім беру ұйымдарының басшылары тарапынан өрескел заң бұзушылықтарға жол беру деректері де анықталған. Мысалы, облыстық прокуратурамен №120 мектептің қызметінде тексеру жүргізу барысында мұғалімдер мен ата-аналардың жазған арыздарындағы уәждері өз дәлелін тауып, қаржыны мақсатсыз жұмсау деректері орын алған. Прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде 5 мектеп директорлары мен орынбасарлары қызметтерінен босатылған. Табиғатты қорғау саласы бойынша жүргізілген тексерулермен өндірістік қалдықтарды белгіленген мөлшерден артық орналастыру, жер қойнауларын тиімсіз пайдалану, браконьерлік және т.б. деректер анықталған. Бүгінгі күні, қолданылған шаралардың нәтижесінде еліміздің бюджетіне шығын келтірген мұнай ұрлықтарының жолдары кесілді. «ҚазГерМұнай» ЖШС-нен 1,8 млрд теңге өндірілді (қоршаған ортаға нормативтен тыс қалдықтар үшін). Прокуратура органдарымен мемлекеттік сатып алу заңдарының қолданылуына, бюджет қаржыларын ысырап ету деректерін анықтау мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. Мысалы, Байқоңыр мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшыларына қатысты қызметтік жалғандық жасап, мемлекет меншігіндегі нысан төмен бағамен сатылып, ҚР-сы ҚК-нің 307 бабының 4-бөлігімен, 314 бабының 2 бөлігімен қылмыстық істер қозғалды.
Сондай-ақ, Сырдария ауданы әкімдігінің бюджетін жоспарлану заңдылықтарына тексеру жүргізіліп, нәтижесімен аудандық әкімдіктің автокөліктерді сатып алу жөнінде жасалған келісім-шарты бұзылып, 12 млн. теңге үнемделген. Беларус елінен әкелінген деген желеумен заңсыз тіркелген мыңдаған автокөліктердің жеткізу жолдары анықталды. Бүгінгі күні бірнеше қылмыстық істер қозғалып, тергелуде. Заңсыз кәсіпкерліктің жолын кесу бағытында жұмыстар атқарылып, нәтижесімен 07.03.2013 жылы облыстық прокуратурамен «Талмас Қызылорда» ЖШС-нің бастығы Близнюкке қатысты ҚР ҚК-нің 192 бабының 2 бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сот үкімімен кінәлі деп танылды. Атап өткен жөн, прокуратура органдарына арызбен жүгінген үш тұлғалардың бірі қолдауын табуда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз