Облыстық ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

77

0

Қызылорда облысы әкімінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі
өкімімен  Жылқышиева Жазира Жақсылыққызы Қызылорда облыстық ішкі саясат
басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
    Жылқышиева Жазира Жақсылыққызы 1970 жылы
Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүниеге келген. 1992 жылы Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда педагогикалық институтын – физика пәнінің мұғалімі,
2005 жылы «Болашақ» университетін – заңгер мамандықтары бойынша
бітірген.
    Еңбек жолын 1992 жылы Жалағаш ауданындағы № 31 орта мектептің
физика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 1992-2001 жылдары Жалағаш
ауданындағы № 202 орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі директорының
орынбасары, Жалағаш ауданындағы № 31 орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі
директорының орынбасары, 2001-2005 жылдары Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қызылорда облысы
бойынша басқармасында бас маман, Қызылорда облысының жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары басқармасында бөлім бастығы, 2005-2007 жылдары
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша басқармасында бөлім бастығы, Қызылорда облыстық
ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, 2007-2011 жылдары
Қызылорда облысы әкімі аппаратының кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі
қызметтерін атқарған.
    2011 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметін
атқарып келді.
    «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төс белгісімен наградталған.
    Осы кезге дейін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Жарқынбаев Ғайнулла Зейнуллаұлы Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз