Облыстық сотта салтанатты жиын өтті

60

0

Облыстық сотта салтанатты жиын өттіҚызылорда облыстық сотының мәжіліс залында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиналыс өтті.
Мерекелік шараға Қызылорда облыстық сотының төрағасы міндетін атқарушы Қайрат Адранов, алқа төрағасы, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, отставкадағы судьялар, облыстық соттың соттар әкімшісі басшылығы және бөлім басшылары, сот қызметкерлері қатысты.
Жиынға қатысушы әріптестерін мерекемен құттықтай келе Қайрат Адранов: «Осынау жарқын мереке біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Әйел өзінің табиғатынан-ақ кішіпейілділік, адамгершілік және мейірімділіктің айнасы. Сондықтан, ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді», – деді.
Қызылорда облыстық сотының төрағасы міндетін атқарушы Қайрат Адранов сот жүйесінің қалыптасып, одан әрі нығаюына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолында күрделі, жауапты қызмет атқарып келе жатқан нәзікжандыларға зор денсаулық, баянды бақыт, еңбекте толағай табыстарға жете беруіне тілектестігін білдірді.
Шара барысында сот әділдігін жүзеге асыруда жетістіктерге қол жеткізіп, қызметтік міндеттерін адал да абыроймен атқарып сот жүйесінің дамуына қосқан үлестері үшін  бірқатар судьялар мен сот мамандары марапатталды.
Атап айтқанда, Қызылорда облыстық соты төрағасының Құрмет грамотасын Қызылорда облыстық сотының судьясы Клара Қаниева, Қармақшы аудандық сотының судьясы Лаура Алибекова, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы судьясы Салтанат Умарсерикова иеленді. Ал, Қызылорда облыстық соты төрағасының Алғыс хаты Қызылорда облыстық соттар әкімшісінің персоналды басқару бөлімінің бас маманы Оразкүл Қожаева, Қызылорда облыстық соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Сәрсенкүл Сейілге табысталды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Қызылорда облыстық филиалының Алғыс хатымен Қызылорда облыстық сотының судьялары Светлана Жуынтаева, Жанат Оспанова, Шолпан Маликова, Клара Қаниева, Гүлсім Таңатова, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Гүлмира Искакова, Қызылорда қалалық сотының судьясы Эльмира Ахметова, Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Салтанат Смағұлова және бірқатар сот мамандары марапатталды.
Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысының Алғыс хатына Қызылорда облыстық сотының бас мамандары Айгүл Шадаева мен Гүлнар Сұлтанова, Қызылорда қалалық сотының бас маманы Нұрилә Дүйсенова лайық деп табылды.
Сонымен қатар, Заңгерлер Одағының Қызылорда облыстық филиалының Алғыс хатымен Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе менгерушісі Қаракөз Сәрсенбаева, Қызылорда облыстық сотының бас маманы Гаухар Тәуекел, Шиелі аудандық сотының бас мамандары Анар Өміралиева мен Зәуре Әлімкұлова, Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы Гүлсина Сайджаппарова, Қызылорда қалалық сотының бас маман сот мәжілісінің хатшысы Салтанат Алыбаева, Қызылорда қалалық сотының бас маманы Ләззат Бахтиярова, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының жетекші маманы Жанар Пазылова марапатталды.
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің саяси мәселелеріне белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан, біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.
Елбасының «Әйел – өмір тірегі ғана емес, әйел – өмірдің өзі» дегендей, әйел барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. Шара соңында нәзікжандылар туралы деректі фильм көрсетілді.


Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз