ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

74

0

ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫҚызылорда облысы әкімінің өкімімен Меңлібаев Еркебұлан
Қайырбекұлы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Еркебұлан
Меңлібаев 1990 жылы дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін
«Информатика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «Студент жастар одағы» қоғамдық
бірлестігінің менеджері ретінде бастаған.

2010-2014
жылдары «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігінің және «Қызылорда студенттер
альянсы» корпоративтік қорының атқарушы директоры, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан»
жастар қанаты облыстық филиалының атқарушы хатшысы болған.

2014-2015
жылдары Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы. 2015
жылдың қаңтар айынан облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз