Қол қою парақтарын жою мәселелері қаралды

62

0

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 19 мамырдағы отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттарды қолдап таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарын жою мәселелері қаралды.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 17 шілдедегі 11/236 қаулысымен бекітілген «Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларының» 6 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатты қолдап таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтары құпия ақпарат құқығы негізінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат тіркелген күннен кейінгі он жұмыс күні бойы сақталады, ал кейіннен жойылады. 
Осыған байланысты 2017 жылғы 4 мамырда тіркелген ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат М.Бақтиярұлын қолдап таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарын 2017 жылғы 22 мамырда,  2017 жылғы 5 мамырда тіркелген кандидаттар А.Әлназарова мен Е.Әжікеновті қолдауға арналған қол қою парақтарын 2017 жылғы 23 мамырда жою туралы шешім қабылданды.
***
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 22 мамырдағы  № 10/159 қаулысымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленді:
1) бағдарламаны теледидар арқылы баяндау – 165 000 (жүз алпыс бес мың) теңге сомасында; 
2) бағдарламаны радио арқылы баяндау – 70 000 (жетпіс мың) теңге сомасында; 
3) баспа басылымдарында екі мақала жариялау – 125 000 (жүз жиырма бес мың) теңге сомасында; 
4) кандидаттардың сайлау алдындағы көпшiлiк шараларын өткiзуге, кандидаттардың үгiт материалдарын шығаруға – 30 000 (отыз мың) теңге сомасында; 
5) көліктік шығыстар: облыстар үшін – 70 000 (жетпіс мың) теңге сомасында, Астана және Алматы қалалары үшін – 30 000 (отыз мың) теңге сомасында. 
Сайлау алдындағы үгітті тең жағдайда жүргізуге кепілдікті қамтамасыз ету үшін бөлінген жалпы сомасы 460000 теңге мөлшеріндегі қаражатты пайдалану құқығы тек Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына тіркелген кандидаттарға берілген.
Сонымен қатар, үгіт жұмыстарын жүргізу үшін кандидат өзінің жеке қаражатынан және Республика азаматтары мен ұйымдарының өз еркімен берген қайырмалдықтарынан құралатын өз сайлау қорын құра алады. Қордың жалпы мөлшері 17 млн 121 мың 300 теңгеден аспауы тиіс.
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз