Ағымдағы жылдан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Қызылорда филиалы Өңіріміздің ауыл аймағы кәсіпкерлеріне 4 пайызбен несие беруді бастады.
Нысанылы топқа Қызылорда облысында орналасқан (облыс орталығынан бөлек) шаруа, фермер қожалықтары, жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар кіреді.
Несиелер 3 млн. теңгеге дейін, 60 айдан аспайтын мерзіммен ұсынылады.
Бағдарлама шеңберіндегі нысынылы бағыты:
– Ауыл шаруашылығын кеңейту және дамыту, оның ішінде органикалық өнімдерді өндіру.
– экологиялық туризм;
– қолөнері;
– энергия және су үнемдеу технологияларын пайдалана отырып, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіру/өңдеу.
Қолдау бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражаттар шектеулі!
«Қолдау» несиелендіру бағдарламасының талаптары
Бағдарламаның мақсаты
|
Мақсатты топқа кіретін
жеке және заңды тұлғаларды кредиттеу
|
Мақсатты топ
|
1) Қызылорда облысында (облыс
орталығынан басқа жерде) тұратын жеке тұлғалар – әйелдер, өтінім берген сәтте мүгедектігі
бар адамдар, жасы 29-ға толмаған жас адамдар, оралмандар;
2) Қызылорда облысында (облыс
орталығынан басқа жерде) тұратын жеке тұлғалар шаруа, фермер шаруашылықтары, жеке
кәсіпкерлер және осы тармақтың 1) тармақшасында аталған жеке тұлғаларды
жұмысқа орналастыруға дайын заңды тұлғалар
|
Нысаналы мақсаты
|
Ауыл
шаруашылығын кеңейту және дамыту, соның ішінде органикалық өнімді өндіру, экологиялық туризм, кәсіпшілік,
тауарларды
өндіру/өңдеу, жұмыстарды энергиялық тиімді және суды үнемдейтін
технологияларды пайдалана отырып, орындау, қызметтер көрсету
|
Қарыздың
ең жоғарғы
сомасы
|
Бір қарыз алушыға 3 млн. теңгеден
аспайды
|
Сыйақы мөлшерлемесі/
Несиелендіру мерзімі:
|
Жылдық 4%/
60 айдан аспайды;
|
Жеңілдік кезеңі:
|
Кредиттеу мерзімінің ұзақтығының үштен бірінен көп емес
|
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!