Олимпиаға жолдама

52

0

Олимпиаға жолдама Шучинск қаласында 8-18 жас аралығындағы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен шахматтан Қазақстан чемпионатында жерлестеріміз 14 медальді иеленді. Оның 6-уы – алтын, 6-уы – күміс, 2-уі – қола медаль, – деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен. 
Классика және рапид түрлері бойынша Әсел Серікбай мен Сұлтан  Аманжол екі бірінші орынды жеңіп алса, блицте Самал Әбдуәли мен Назерке Нұрғали алтын медаль иегері атанды. Назерке Нұрғали мен Мейіржан Бармағанбетов классикадан екінші болса, Самал Әбдуәли, Назерке Нұрғали рапидте, Әсел Серікбай мен Ақылжан Мейірханұлы блицте күміс жүлдені иеленді. Сақыпжамал Бармағанбетова рапидте, Хантәңірі Жаппар блицте үшінші орынға табан тіреді. 
Жарыс қорытындысы бойынша Ә.Серікбай Әлем, Азия чемпионаттарына және Олимпиадаға, С.Аманжол Әлем чемпионатына және Н.Нұрғали, М.Бармағанбетова Азия чемпионатына жолдама алды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз