Қолөнер шебері тоқымадан табыс тауып отыр

48

0

Қолөнер шебері тоқымадан табыс тауып отырБүгінде Сырдария ауданының орталығында жеке кәсіпкер Бибісара Бакова тігін цехын ашып, өз шеберлігін танытып келеді. 
Ол кісі кәсібін 2011 жылы ашып, әртүрлі әлеуметтік жобаларға қатысуда. Нәтижесінде «Игілік» корпаративтік қоры жобасының жеңімпазы болып, 2 млн.теңге көлемінде тігін машиналарын сатып алуға қол жеткізді. Жалпы ол балалар киімдерін, төсеніш алаша, тоқыма жіптен ойыншықтар, әйелдерге арналған бас киім, шалғы тоқумен айналысады. Қазіргі таңда қолөнер шеберінің киімдері үлкен сұранысқа ие, тапсырыс берушілердің де саны артып келеді. Еңбекқор Бибісара облыстық байқаулар мен көрмелерге де тұрақты қатысып жеңімпаз атанып келеді. Соның бірі 2011 жылы облыста өткен көрмеде «Қазақстанның үздік тауары» медалі және дипломымен марапатталған. Қолөнер шебері осы тамаша өнерді Аханай әжесінен үйренген екен. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсібін дамыту мақсатында «Әлеуметтік коммуникациялық жастар клубы» қоғамдық бірлестігін құрып, бүгінде 30 шәкіртті тәрбиелеп, қолөнерге үйретуде. Бибісара алдағы уақытта тігін цехын ұлғайту мәселесін де қолға алуды жоспарлар отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз