«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы қарқынды жүруде

57

0

Өткен жылы Қызылорда облысында «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы аясында барлығы 8 414,2 млн.теңгеге (РБ-дан 4 284,7 млн. теңге, ОБ-дан 4 110,5 млн. теңге, АБ – 19,0 млн.теңге) тұрғын үй құрылысы мен оның инфрақұрылым желілерінің құрылысы жүргізілді. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ, былтыр мемлекет қаражысы есебінен ауданы 37 545,33 шаршы метрді құрайтын 435 пәтері бар 89 тұрғын үй мен ұзындығы 133,9 шақырым тұрғын үйлердің инфрақұрылым желілері пайдалануға берілді.

Республикалық бюджет есебінен бөлінген 4 284,7 млн. теңгеге жалпы ауданы 31 034,65 шаршы метрді құрайтын 352 пәтері бар 29 үй және 133,9 шақырым инфрақұрылым желілері салынып, пайдалануға берілді.

Облыстық бюджет есебінен барлығы 6 366,58 шаршы метрді құрайтын 82 пәтері бар 59 үй салынып пайдалануға берілді.

Кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша – жалпы ауданы 7 654,86 шаршы метрді құрайтын 108 пәтері бар 67 тұрғын үй пайдалануға беріліп, жоспар 100 пайызға орындалды. Жас отбасыларына жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша – РБ есебінен жалпы ауданы 19 656,5 шаршы метрді құрайтын 220 пәтерлік 5 үй пайдалануға берілді, жоспар 100 пайызға орындалды.

Аппаттық жағдайдағы тұрғын үйлерде тұратын азаматтарға арналған тұрғын үй құрылысы бойынша – ауданы 1833,96 шаршы метр болатын 18 пәтерлік 1 тұрғын үй пайдалануға берілді(ОБ есебінен).

Коммуналдық тұрғын үй құрылысы бойынша – ауданы 144,1 шаршы метр 1 пәтерлік 1 тұрғын үй пайдалануға берілді (АБ есебінен).

2014 жылы Қызылорда облысында барлығы 2070,5 млн. теңгеге инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің құрылысы жүргізіліп, бөлінген бюджет 100 пайызға орындалды (оның ішінде РБ есебінен 1826,2 млн.теңге, ОБ есебінен 244,3 млн.теңге).

Бөлінген қаржыға барлығы 12 жоба жүзеге асырылды, оның ішінде 8 жоба аяқталса, 4 жоба 2015 жылы жалғастырылады. Пайдалануға берілген инфрақұрылым желілері 133,9 шақырымды құрайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз