Он алтыннын төртеуі қазалылық балуандарға бұйырды

41

0

Он алтыннын төртеуі қазалылық балуандарға бұйырды Жақында Қызылорда қаласында  грек-рим күресінен облыс біріншілігі өтті. Онда 1997-99 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер сынға түсті. 
Жарыста жеңімпаз атанған спортшылар 21-23 ақпан аралығында Шымкент қаласында болатын Қазақстан чемпионатында облыс намысын қорғайды. Одан кейін Тайландта  Азия чемпионатына, Словакияда Әлем чемпионатына  Қазақстанның намысын қорғайтын құрама командаға іріктеледі. 
Жарыс нәтижесінде жеңімпаз атанған балуандар: 42 келі: Нұрбақыт Әділхан (спорт интернат), 46 келі: Жанас Темірғали (Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті), 50 келі: Асылбек Таңатаров (спорт интернат), 54 келі: Расул Батаев (№1ОМБЖОРМ), 58 келі: Айдос Сүлейменов (Әйтеке би кенті), 63 келі: Абылай Демекбай (Әйтеке би кенті), 69 келі: Еркін Дулат (спорт интернат), 76 келі: Руслан Тұрсынбек,  85 келі: Олжас Сырлыбай  (Әйтеке би кенті), 100 келі: Асылан Мұхтар (№1ОМБЖОРМ). 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз