Он айда 400-ге жуық өрт тіркелген

55

0

Қызылорда. Үстіміздегі жылдың 10 айында облыс көлемінде 390 өрт оқиғасы тіркеліп,  одан 6 адам қаза болып, 14 адам жарақат алған. Бұл мәлімет облыстық баспасөз клубында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. 
Баспасөз мәслихатына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің  бастығының орынбасары Б.Ертаев пен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі Ғ.Төрешов қатысты. Ғ.Төрешовтің айтуынша, өрттердің басым бөлігі жеке үйлерде орын алған.  Өрттердің шығуына электр жабдықтарын, қондырғыларын, желілерін құру, пайдалану ережесінің бұзылуы секілді жайттар себепші болған. Атап айтқанда, балалардың отпен ойнауы, отты пайдаланудағы аңғалдық, секілді оқыс оқиғалардан туындаған.. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз