Он саусағынан өнер тамған

65

0

Он саусағынан өнер тамғанҚармақшы ауданы, Төребай би ауылының тұрғыны Сәндібек Мұсаевты жерлестері он саусағынан өнер тамған жан деп бағалайды.
Ол ауыл тіршілігінің барлығымен айналысады. Жылқы бағып, мал өсіреді. Сонымен қатар, ағаштан, темірден, қаңылтырдан бұйымдар жасайды. Атап айтқанда, ағаштан күбі, ат әбзелдері, ер-тоқымдар және қаңылтырдан керней, қалақ, шелек жасайды. Осылайша шебер ауыл тұрғындарының сұранысына сай еңбек етіп отыр. «Алдағы уақытта мақсаты шағын кәсібін кеңейтіп, ауыл тұрғындарын өзінің бұйымдарымен толық қамтамасыз етіп, аудан көлемінде шығаруды ойлайды» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз