Он төрт ұлтты ұйытқан ауыл

65

0

Он төрт ұлтты ұйытқан ауылҚармақшы ауданында орналасқан көпұлтты «ІІІ Интернационал» ауылында он төрт ұлттың өкілдері қоян-қолтық бірге өмір сүріп, бірге еңбек етіп келеді. 
1937 жылы кәрістер, ал 1944 жылдан бастап түріктер өзінің екінші Отанын осы жерден тапқаны белгілі. Ауыл адамдары кез келген мерекені, іс-шараларды әрдайым ұйымшылдықпен бірге өткізеді. ІІІ-Интернационал ауылының тұрғындары үшін халықтар арасындағы достық өмірдің үлкен мәніне айналған. 
№108 орта мектеп мұғалімі Дильфура Байрахтарова «Қазіргі уақытта елімізде туған тілімізді үйренуге , ұлттық мәдениетімізді жаңғыртуға барлық жағдай жасалған. Мұның барлығы біздің ауылдағы қасиетті білім ордасы № 108 орта мектебінде жүзеге асуда» дейді. Оның айтуынша, мектепте өзара достықта әрі бірлікте өмір сүріп жатқан түрлі ұлттың өкілдері бірге оқып, бірге жұмыс жасап жатыр. Біз бәріміз – бір үлкен, тату, ұйымшыл отбасымыз. Ұстаздар ұжымы ата-аналармен бірігіп, Қазақ елінің болашағы- жаңашыл жастарды тәрбиелеуде. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз