Оралмандарға мемлекеттік қызмет көрсету оңтайлы жүруде

51

0

Оралмандарға мемлекеттік қызмет көрсету оңтайлы жүруде Сәрсенбі күні облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 2016 жылдың есебі бойынша жария талқылау өткізді.
Талқылау отырысына Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті қалалық бөлімінің, мүдделі басқармалар мен бөлімдердің жауапты қызметкерлері, ҮЕҰ өкілдері және оралман қандастар қатысты.
Былтыр басқармаға «Оралман мәртебесін беру» қызметі бойынша этникалық қазақтардың 38 өтініші тіркелген. Оның ішінде 36 өтініш ХҚКО-ның қалалық және аудандық бөлімшелері арқылы келіп түскен, 2 өтініш тікелей басқармамен қабылданған.
Мемлекеттік қызметті алушылардың қатарында 36 отбасы (57 адам) Өзбекстан Республикасының азаматтары болса Украина мен Монғолиядан бір-бір адамнан қоныс аударған. Олардың өтініштері қанағаттандырылып, қызмет көрсету нәтижесі бойынша кәмелет жасындағы 45 оралманға куәліктер берілген.
Жалпы «Оралман мәртебесін беру» қызметі бойынша мемлекеттік корпорация арқылы 95 пайыз  және басқарма арқылы 5пайыз көрсеткішпен нәтижелі орындалған.
Шеттен келген қандастарға басқарма тарапы қабылдау, түсіндіру жұмыстарын сәтті үйлестіріп келеді. Өйткені тілдік, құқықтық жағынан зардап шекпес үшін басқарма көші-қон, білім алу, жер, тұрғын үй кезегіне тұру, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, басқа да құқықтық мәселелері бойынша ақпараттық түсіндірмелер береді. Қызмет стандартына сәйкес ұсынылатын құжаттар тізбесі жадынама түрінде, брошюра, өтініштің үлгісі әрбір қандастарға қызмет көрсетуші ретінде ұсынылады. Кез-келген сұрақтар бойынша ақпараттар береді. Осы қызметтің көмегімен былтыр 3 оралман отбасына (24 адамға) тұрғын үй көмегі көрсетілсе, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына 8 отбасы (34 бала) ие болған. Бұндай әлеуметтік немесе басқа да мемлекеттік көмектер басқарма көмегіне жүгінген барлық оралман отбасыларына тиесілі.
Оралман мәртебесін беру үшін көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы ақпараттарды басқарманың aleumet.e-kyzylorda.gov.kz сайтынан, сонымен қатар «Мемлекеттік қызметтер» порталынан, Қызылорда облысы әкімдігінің e-kyzylorda.gov.kz және ҚР электронды үкіметінің egov.kz интернет-ресурсынан және 1414 бірыңғай байланыс орталығы  арқылы білуге болады.
Шара барысында қызмет алушылар сала мамандарына сұрақтарын қойып тиісті жауаптар алды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз