Қорғаныс бөгеттерімен қоршалған

123

0

Сырдария өзенінің Қармақшы ауданы көлеміндегі ұзындығы 231 шақырымды құрайды. Су тасқынына қауіпті аймақтар болып есептелетін Сырдарияның оңтүстік жағалауындағы Жаңажол, Иіркөл ауылдары, солтүстік жағалаудағы Қараөзек пен екі ортада орналасқан Қызылтам, Абыла елді-мекендері және аудан орталығы Жосалы кентін қорғау үшін жалпы ұзындығы 67,2 шақырымдық қорғаныс бөгеттерімен қоршалған.

Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ж. Сүйеубаев, Жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция подполковнигі Ғ. Нагиев, Ветеринария бөлімінің басшысы А. Қалжанов, Қармақшы ауданы әкімінің аппаратының Терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғаныс жұмыстары бөлімінің басшысы Р. Ефенов, Аудандық ауылшаруашылық бөлімінің бас маманы Ж. Төлегенов, Аудандық Ішкі саясат бөлімінің статистигі Н. Бейбітов, Қармақшы ауыл әкімінің бас маманы А. Есқараев және Қармақшы ауданы ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау капитаны Е. Назарқұловтың қатысуымен, Қармақшы ауылындағы 4 шаруа қожалығының басшылары мен 10 азаматқа өзен деңгейі көтеріліп, қауіп төндіруіне байланысты, шаруа қожалықтарын қауіпсіз аймаққа көшу жолдары бойынша құлақтандырып, бейнекамера мен фотоаппаратқа түсірілді және ескертпе хаты таратылды. 

Қармақшы аудандық № 5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, әр аптаның сенбі күні, аудан тұрғындарына су тасқыны мен су басу кезіндегі іс-қимылдар жөнінде құлақтандыру жұмыстары жүргізілуде. Күнделікті «Қармақшысушар» мекемесі тарапынан Сырдария өзенінен өтетін су деңгейі бойынша зерделеу (мониторинг) жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ 2017 жылғы 4 қарашадағы «Қармақшы таңы» газетінде «Кент тұрғындары мен шаруа қожалығы басшыларының  назарына» атты мақала жарық көрді. 2017 жылғы 18 қарашадағы «Қармақшы таңы» газетінде «Су тасқынының алдын алайық!» тақырыбында мақала жарияланды.

Алдағы уақытта бұл жұмыстар өз  жалғасын табатын болады.

Б. Бисенов

Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар 

бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз