
«Бiз жеке құрам мен халыққа бұқаралық ақпарат құралдарының ықпал ете алатынын бiлiп, өңiрлiк командалар мен қорғаныс iстерi департаменттерiнде баспасөз қызметтерiн құрдық. Қорғаныс министрлiгiнде баспасөз орталығы бар Ақпарат және коммуникация департаментi де құрылды. Бiз өзiмiздiң ведомстволық «Сарбаз» газетi, «Айбын» журналымызды шығарамыз. Қорғаныс министрлiгiнiң интернет ресурсы мемлекеттiк органдар сайттарының iшiнде пайдаланушылар ең көп кiретiн сайттардың бiрiне айналды. Бiз ендi әскери журналистика жүйесiн жаңғыртқымыз келедi. Осыған орай, бiз Құрлықтағы әскер институтына жастардың алғашқы легiн қабылдадық. Дегенмен, бұған әскери кафедралар арқылы көңiл бөлетiн боламыз. Себебi, сұраныс әлi көп емес, бiрақ осы салада жұмыс атқарып жатырмыз», – дедi Жасұзақов.
Министрдiң айтуынша, биыл Қазақстан Республикасының Қарулы күштерi 25 жылдығын атап өтедi.