Орман қорын қорғауға мән беріледі

137

0

Шиелі. Аудандағы «Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіі алдағы уақытта ауқымды жұмыстар атқаруды көздеп отыр.

Атап айтқанда, сексеуіл екпесін 200 гектарға егу жоспарланған. Сондай-ақ, үйеңкі, шаған ұрығын жинау, сексеуіл дәнін себу ойластырылған. Оған қоса 1000 геатар жерге сексеуіл тұқымын себу жобалануда. Сонымен қатар, жаңадан өртке қарсы жолақ салу, өртке қарсы жолақтарды жаңарту жұмыстары жүзеге асырылмақ.