Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі тағайындалды

44

0

Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі тағайындалдыОрталық коммуникациялар қызметінің директоры Евгений Кочетов ҚР АКМ ОКҚ  директорының орынбасары – ресми өкілі Жұманбай Мұратты ұжымға таныстырды. 
Жұманбай Мұрат 1983 жылы 18 қаңтар айында Қарағанды қаласында дүниеге келген. 
2004 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін (Астана қаласы) үздік тәмамдап, ал 2006 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірді (Қарағанды қ). 
Еңбек жолын 2004 жылдың қазан айынан  өз мамандығы бойынша- Қаржы полициясы Акаадемиясының оқытушы, аға оқытушы, ғылыми дәрежедегі зерттеуші қызметінен бастады.  
2009 жылдыңсәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі қызметін атқарды және ведомствоның баспасөз орталығын басқарды. 
2014-2016 жылдары ҚР  Мәжіліс Аппараты Баспасөз қызметінің басшысы- ҚР Парламент Мәжілісі Төрағасының кеңесшісі. 
2016 жылы  ҚР Парламент Сенаты құқықтық сараптау бөлімінің бас консультанты, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Қоғаммен байланыс жөніндегі Басқарма басшысы қызметін атқарды.
Марапатталды: 
• «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтой медалімен, 
• «Қаржы полициясының үздігі» 1-ші и 2-ші деңгейі, «Қаржы полициясы органдарына 15 жыл», «Қаржы полициясы органдарына 20 жыл» төс белгілерімен.
• Ассамблея Парламентінің ҰҚКҰ белгісімен.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз