ОРЫС ТІЛІ БІЛГІРЛЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ

57

0

Облыстық ішкі саясат және «Медиа-Пресс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қызылордада орыс тілі білгірлерінің ІХ облыстық «Ой-сана» байқауы өтті. 
Оған жоғарғы оқу орындарында, жалпы білім беру мекемелерінде, орта және арнаулы орта оқу орындарында қазақ тілінде оқитын 18 бен 22 жас аралығындағы жастар қатысты. Олар орыс тілінің лексикасы мен грамматикасы бойынша тест тапсырып, эссе жазып, орыс тілі, әдебиеті, мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы викториналық сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ кез келген жанрдағы мәтінді мәнерлеп оқудан бақтарын сынап көрді. 
– Шараны өткізудегі мақсат – қазақ тілінде білім алып жүрген жастар арасынан орыс тілін меңгерген дарындыларды анықтау, қолдау, риторикалық дағдылар мен сөйлеу мәдениетінің деңгейін көтеру. Байқауға іріктеу бөлімдерінде озып шыққандар қатысып отыр. Талапкерлер қатары жылдан-жылға артып келе жатқаны қуантады, – дейді облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Ләззат Есімова. 
Қазылар алқасы қатысушылардың орыс тілінде кідіріссіз сөйлеуіне, жазу сауаттылығына, өзін-өзі ұстауына мән берді. Нәтижесінде үздік деп танылғандар басқарма тарапынан диплом және сыйлықтармен марапатталды. 

Н.САНИЯЗОВА.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз