Қорқыт ата мемориалындағы жаңғырту қыркүйекте аяқталады

44

0

Қорқыт ата мемориалындағы жаңғырту қыркүйекте аяқталадыЖексенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Қазалы, Қармақшы аудандарында болды. 
Алдымен Қазалы ауданындағы «РЗА» АҚ-ның жұмысын көрді. Мұнда 1300-ге жуық жұмысшы қызмет етеді. Сүт өнімдерін өндіретін мекеме облыста ғана емес, республикада алдыңғы қатарда. «РЗА» АҚ-ның президенті Самұрат Имандосов дәл осындай сүт өнімдерін өңдейтін зауытты облыс орталығында да салуды ұсынды. Сонда облыс қажеттілігін толық өтеуге мүмкіндік барын жеткізді. 
Сондай-ақ, Байқоңыр қаласындағы әйелдерге кеңес беретін 100 келушіге арналған 80 төсектік перзентхананы көпсалалы аурухана ретінде қайта бейімдеуге байланысты атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі аясында салынатын алаңды көрді. 
Қазіргі таңда Қорқыт ата мемориалында құрылыс қызу жүріп жатыр. Қайта жаңғырту жұмыстарымен «СМП-Қызылорда» ЖШС айналысуда. Жаңа мемориалдың бұрынғыдан өзгешелігі 2,5 метр биіктікте орналасады. Стеласы 12 метрге ұзартылады. Ал құрылысқа соңғы үлгідегі материалдар қолданылуда. Қайта жаңғырту жұмыстарына 960 миллион теңге қаржы жұмсалады.   Бұл жұмыстар қыркүйек айының ортасына дейін аяқталады.
Жалпы, аймақ басшысы жұмыс сапар барысында өзінің берген тапсырмаларының орындалуын бағамдады. Сапаны алғашқы кезекке қою қажеттігін тағы бір ескертті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз