«Қорқыт және Ұлы Дала сазы» өнер фестивалі өтеді

52

0

«Қорқыт және Ұлы Дала сазы» өнер фестивалі өтедіАғымдағы жылдың 8-9 қазанында Қызылордада Түркі тілдес халықтардың «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты дәстүрлі халықаралық музыкалық өнер фестивалі өтеді, деп хабарлайды фестиваль ұйымдастырушылары.

«Қызылорда облысы әкімдігінің және Мәдениет басқармасының Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымымен бірлесіп ұйымдастырып отырған фестивальдің мақсаты – түркі тілдес халықтардың ұлттық музыкалық өнерін дәріптей отырып, өзара мәдени байланысын нығайту. Тілі ұқсас, діні ортақ елдердің салт-дәстүрлерін, қайталанбас өнерінің озық үлгілерімен бірге түркі әлемінің әлі зерттелмеген, бай мұраларымен жұртшылықты таныстырып, кеңінен насихаттау», – делінген ақпаратта.

Үш жылда бір ұйымдастырылатын өнер мерекесі биыл да жалғасын таппақ. Айтулы өнер мерекесіне 9 мемлекеттен, яғни Алтай Республикасы, Саха-Якутия, Татарстан, Хакасия, Малдова, Әзірбайжан, Қырғызстан, Башқұртстан, Түркия елдерінен өнер иелері және 7 елден Ұлыбритания, Әзірбайжан, Қырғызстан, Молдава, Өзбекстан, Саха, Түркиядан өнертанушы ғалымдар қатысады деп күтілуде.

Фестиваль аясында «Тұран және түркі әлемі» атты Сыр елі қолөнер шеберлерінің этно-археологиялық көрмесі мен халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді. Сондай-ақ, бұдан өзге де мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз