Қос балуан Нью-Делиде өтетін Азия чемпионатына жолдама алды

69

0

Қос балуан Нью-Делиде өтетін Азия чемпионатына жолдама алдыАтырауда 1998-2000 жылдары туылған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Барлық аймақтан 258 спортшы қатысқан ел чемпионаты 10 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.

Аталмыш сында грек-рим күресінен жасөспірімдер
құрамасының аға жаттықтырушысы Қанат Көбегенов жетекшілік жасаған
қызылордалық балуандар үстіміздегі жылғы 9-15 маусым аралығында
Үндістанның астанасы Нью-Делиде өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.
Есімдерін айтсақ, №17 Қазалы ауданындағы олимпиадалық резервтің
мамандандырылған балалар менжасөспірімдер мектебінен Бағдат Үсенов 76
келіде Қазақстан чемпионы атанса, Жалаңтөс Баһадүр атындағы облыстық
спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы Нұрбақыт
Әзелхан 42 келіде күміс жүлдені иеленді. Бұл туралы облыстық дене
шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз