Қосаман ауылындағы мектеп биыл пайдалануға беріледі

53

0

Қосаман ауылындағы мектеп биыл пайдалануға беріледіОсыдан үш жыл бұрын
Арал ауданындағы Қосаман ауылында 100 орынға арналған мектеп құрылысы
басталған. Бірақ білім ошағы мердігердің жауасыздығынан мерзімінде аяқталмаған
болатын. Мектеп құрылысымен танысқан аймақ басшысы Қ.Көшербаев құрылысты биылғы
жылдан қалдырмай тапсыру қажеттігін ескертті.

Қаржы мәселесі
толықтай шешілген. Қазіргі таңда мектеп ғимаратының ішкі әрлеу, сырлау
жұмыстары мен бу қазандығының сылақ жұмыстары жүргізілуде.  Яғни, жұмыстың 95 пайызы аяқталған. 
Ескі мектептің тар бөлмелерінде білім алып келген қосамандықтар жаңа оқу
жылында заманауи талапқа сай білім ошағында оқитын болады. Бұл жаңалықты
естіген ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз