Қосшыңырау тұрғынынан 8 ақбөкеннің денесі тәркіленді

49

0

Қосшыңырау тұрғынынан 8 ақбөкеннің денесі тәркіленді Қызылорда қалалық прокуратурасымен қазіргі таңда қала аумағында заңсыз аңшылық, балық аулау және тиым салынған өсімдіктерді кесуге қарсы күрес бағытында қылмыстық ізге түсу, сонымен қатар уәкілетті органдармен атқарылып жатқан жұмыстардың заңдылығына қадағалау жүргізе отырып, бірлескен рейдтік тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Осы орайда, 28.01.2014-жылы қала прокуратурасымен және ОІІД-нің әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жүргізілген рейд барысында Қызылорда қаласына қарасты Қосшыңырау (Абай) ауылы, үйлердің біріндегі  аулада қан белгілері бар киік тұқымдас жануардың терісі жатқаны анықталған. Аталған дерек бойынша көрсетілген қызметкерлермен қала прокурорының атына ҚР-ның Қызыл кітабына енген аулауға тыйым салынған киік тұқымдас жануардың заңсыз ауланған денелері болуы мүмкін екендігін ескере отырып, үй ауласына кіріп тексеру жүргізіліп, тіркелген. Осыған орай, 28.01.2014-жылы аталған үйдің иесінің рұқсатымен және оның қатысуымен үй ауласында орналасқан мал қорасына тексеру жүргізу барысында 8 бас «Ақбөкен» жануарының өлі денелері (басы, терісімен бірге) анықталды. Үй иесінің берген түсінігінде аталған киіктердің өлі денесін Қызылорда-Құмкөл тас жолының 31-шақырымынан 27.01.2014-жылы кешкі мезгілде тауып алып, үйінің қорасына әкеліп түсіргенін көрсеткен. 
Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, анықталған дерек бойынша қала прокуратурасының қызметкерлері оқиға болған жерге жедел-тергеу тобымен тиісті хаттамаға сәйкес айғақ заттар тәркіленіп (8 бас киік, қан дақтарымен полиэтилен пакеттер, қан дақтарымен жіптер, пышақ, қайрақ, автокөлік) алындв. Қазіргі таңда жинақталған құжаттар бойынша ҚР ҚК-нің 290-бабына сәйкес процессуалдық шешім қабылдауға шаралар қолданылуда.
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз