Осы апта қандай шаралармен айшықталмақ?

45

0

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 
аймақта өтетін мәдени-көпшілік шаралар 
22 қараша. Қазақстандық Олимпиада жеңімпаздары туралы «Көк тудың желбірегені» атты танымдық фильмнің көрсетілімі, Қызылорда қаласы, Қарттар үйі, сағат 10:00.
22 қараша. «Рәміздерім – мақтанышым» тақырыбындағы кітап көрмесі, Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың І оқу ғимараты, сағат 15:00.
22-23 қараша. Облыстық ақпараттық-насихаттық топ өкілдерінің Қармақшы, Шиелі аудандары тұрғындарымен кездесулері, аудандық мәдениет үйлері және ауылдық клубтар.
22-30 қараша. «Тәуелсіздікке тарту» атты облыстық жастар керуенінің жастармен кездесулері, аудандық мәдениет үйлері.
23 қараша. Ұлы Отан соғысының ардагері, ауыл шаруашы¬лығының көрнекті ұйымдастырушысы Мөрәлі Шәменовтің 100 жылдығына арналған облыстық танымдық конференция, А.Тоқма¬ғамбетов атындағы мәдениет үйі, Қызылорда қаласы, сағат 11:00.
24-27 қараша. М. Шәменовтің 100 жылдығына арналған шаралар (облыстық ақындары айтысы, дзюдодан жасөспірімдердің Х  республикалық біріншілігі, М. Шәменов атындағы бұрыштың ашылу салтанаты), Жалағаш ауданы, сағат 10:00.
24-27 қараша. Бокстан жастар арасында «Ибрайхан и К ЛТД» ЖШС жүлдесіне арналған республикалық турнир, Қызылорда қаласы, «Евразия» спорт кешені, сағат 15:00.
24 қараша. «Тәуелсіз елім – ұлы далам менің» тәуелсіз елдің құрдастары акциясы («Сыр үміті» сыйлығын табыстау рәсімі), Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың Студенттер сарайы, сағат 17:00.
24 қараша. «Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі» тақыры¬бындағы шығармалар сайысы, Қызылорда қаласы, «Болашақ» университеті, сағат 11:00.
25 қараша. Белгілі ақын, қаламгер Шаһизада Әбдікәрімовтің «Ақыл мен сезім бұрқағы» атты авторлық кеші, Қызылорда қаласы, Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық-драма театры, сағат 18:00.
26 қараша. Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көше¬сіндегі және «Арай-2» мөлтек ауданындағы тұрғын үйлердің пай¬далануға берілу және «Қызылорда облыстық балалар ауру¬ханасы және кеңес беру-диагностикалық емханасының» ашылу салтанаты, Қызылорда қаласы, сағат 9:00.
26-27 қараша. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған халықаралық ақындар айтысы, Қызылорда қаласы, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық-драма театры, сағат 11:00. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз