Отан қорғаушылар аллеясы ашылды

70

0

 Отан қорғаушылар аллеясы ашылды
 Отан қорғаушылар аллеясы ашылды
«Қарулы Күштердің 25 жылдығына жоғары жауынгерлік дайындық!» ұраны аясында Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамы үш тілді білім беретін «Мұрагер» мектебінің ауласына 25 түп ағаш отырғызып, Отан қорғаушылар аллеясын ашты, – деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.
Аталған шарада,Ауған соғыс ардагері Қайраддин Баймаханов, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері,Рахметулла Мухамбетов,Ршауов Мыңділда және мектеп ұжымымен ата-аналар қатысты.
Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник М. Махамбет: 
– Жалынды жастар сіздер еліміздің өркендеуіне үлес қосатындарыңызға сенімдімін! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қолдауымен жіті бақылауының нәжижесінде  қазақ әскерінің құрамы мықты. Сондықтанда сіздердің түн ұйқыларыңыздың тыныштығын күзететін әскери шендегі аға-әпкелерің елді қорғауда  қорғанысты қорғай білетін, шекара шебіне мықты қалқан, еліміздің ішкі тәртібіне сайып қырандай жауапты. Сіздердің міндеттеріңіз сабақтарыңызды үздік оқу. Уақыттарыңды тек біліммен спортқа арнаңыздар – деген тілегін білдірді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз