Отандық өнімдер сауда орталығында қызылордалық кәсіпкерлердің өнімдері қойылады

64

0

Отандық өнімдер сауда орталығында қызылордалық кәсіпкерлердің өнімдері қойыладыБұл жөнінде астаналық жас кәсіпкер Айжани Нұрланова Қызылордада БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты.
Мемлекет басшысының қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау
мақсатында «Қазақстанда жасалған» акциясын ұйымдастыруға қатысты айтқан
ұсынысын қолдаған кәсіпкерлердің бірі – Айжани Нұрланова. Шаруасын
сұлулық бизнесінен бастаған Айжани бизнес саласында бірқатар
жетістіктерге жеткен. Мәселен ол «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының
ұйымдастыруымен өткен конкурс нәтижесі бойынша 2014 жылдың ең үздік әйел
кәсіпкері атанды.
Кәсіпкер биыл еліміздегі алғашқы отандық өнімдер сауда орталығын
ашуды жоспралауда. Отандық бизнес тарихында бұрын-соңды болмаған сауда
орны алдымен Астана қаласында, маусым айында ашылмақ. Онда дәстүрлі
азық-түлік, тұрмыстық-химия т.б. тауарлардан бөлек, отандық киім-кешек
пен аяқ киім үлгілері де сатылымға шығарылады екен. Сонымен қатар
супермаркет құрамында «Үш қоңыр» ұлттық тағамдар мейрамханасы да жұмыс
істейтін болады.
Бір айта кетерлігі, супермаркетті жасақтауға, ішін әрлеуге толықтай отандық құрылыс материалдары қолданылған.
Бүгінде Айжани Нұрланова ел өңірлерін аралап, отандық тауар
өндірушілермен кездесуде. Осы мақсатта Қызылорда облысына жұмыс
сапарымен келген кәсіпкер жергілікті тауарөндірушілермен жүздесіп,
тауарларымен танысты, келіссөздер жүргізді.
Айта кету керек, аймақта отандық тауарөндірушілерді қолдау
бағытында да қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Өңірдің тауарөндірушілері
күріш, сүт, макарон, сондай-ақ шұжық және өзге де өнімдердің кең
түрлерін ұсынуда.
Осы ретте, «Қазақстанда жасалған» акциясы аясында Қызылорда
қаласының ірі 15 сауда үйінде және 17 супер және шағын маркеттерде
секциялар ашылып, арнайы логотиптер жапсырылған отандық
тауарөндірушілердің тауарлары орналастырылды.«Ажар», «Жайна», «Мирас»,
«Сұлтан», «Универсам», «Халықтық», «Small»сынды халық көп шоғырланатын
орындар отандық тауарөндірушілердің өнімдеріне көрнекті жерлерді ұсынды.
Сондай-ақ, облыстың аудандарындағы 42 ірі магазинде де осындай шаралар
қабылданды.
«Қазақстанда жасалған» акция қызылордалықтар арасында үлкен
қолдауға ие болып, БАҚ және түрлі мәдени-көпшілік шаралар арқылы облыс
тұрғындарымен кеңінен ақпараттандырылуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз