ОТАНЫМА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІН

260

0

ОТАНЫМА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІНҚызмет алдындағы ант қабылдау – әрбір жеке құрамға қабылданған кіші буын әскери қызметкерлердің өмірінде айрықша орын алатын, мемлекетке, өз халқына адал болуға серт беретін айтулы
сәттердің бірі. 
Сенбі күні облыс орталығындағы Рәміздер алаңында облыстық Мамандандырылған күзет қызметі басқармасына қабылданған 30 жас қызметкерден Ант қабылдау
салтанаты өткізілді. 
Мерзімді әскери қызметшілер Отанға, халқына және Елбасына адал болуға серт берді. Жас қызметкерлерге сөз арнаған басқарма бастығы Пазылбек Нәлібаев, әскери ант қабылдау рәсімі – өмірдегі ерекше әрі қайталанбайтын сәт екендігін, бойларында нағыз жігіттікке тән қасиеттердің қалып¬тасатындығын айтып, сап түзеген қызметкерлерді ел қорғаған батыр бабалардың ерліктерінен үлгі алуға шақырды. 
Рәсімде облыстық Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ардагерлер кеңесінің төрағасы Төребек Рысқұлов, жастарды Ант қабылдауларымен  құттықтады. 
«Ант қабылдау – ежелгі замандардан сақталған дәстүр, оның қазіргі заманғы мағынасы, мақсат-мүддесі, халық пен әскердің тарихи және ұлттық дәстүрлерінің сипатын көрсетеді», – деді ол. 
Салтанатты іс-шара соңы мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Осылайша облыстық Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қатары жаңа толқынмен толықты.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз