Отбасы – өмір тірегі

193

0

Отбасы - өмір тірегіБүгін «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында партияның «Бақытты отбасы-Бақытты балалық шақ» жобасы бойынша Республикалық «Отбасын қолдау апталығы» аясында 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – өмір тірегі» тақырыбында жас отбасылардың қатысуымен ой тастау алаңы өткізілді. Шараның мақсаты отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру, жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, адамгершілік, әдеп-инабат тағылымын алуға жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, отбасы құңдылықтарын дәріптеп насихаттау.
Шараны аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұстафаева Қаншагүл Шоңмұрынқызы ашып, маңыздылығына тоқталып, жүргізіп отырды. Ой тастау алаңына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мен азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Э.Құттымбетова, Жалағаш ауданының құрметті азаматы, ардагер Наршаев Байна ағамыз жолдасы Әсем апай, Ақсу ауылының тұрғыны, кәсіпкер О.Шаймағанбетов, аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің бас редакторы Н.Садуов, аудандық «Иманқұл» мешітінің найб имамы Қ.Жақсылық, аудандық білім бөлімінің әдіскері К.Иманғалиева, Жалағаш кенті орталығындағы партия филиалының барлық бастауыш партия ұйымдарынан жас отбасы ерлі-зайыптылар қатысып, өмір дағдысы туралы өз ой-пікірлерін ортаға салды. Ой тастау алаңына қатысушы жас отбасылар мүшелері белсенділік танытып, шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Шара соңында қатысушы әрбір жанұяларға аудандық партия филиалының 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекесіне құттықтау хаттары табысталып, естелік суретке түсірілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз