Отбасылық сайыс

49

0

Отбасылық сайыс«Жастар дәстүрлі құндылықтар үшін” республикалық жастар акциясы аясында «Біз отбасымен біргеміз” атты спорттық сайыс өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Өркениетті Қазақстан” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шара ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. 
Спорттың бұқаралығын арттырып, отбасындағы бірлік пен татулықты берік ұстану негіздерін насихаттауды мақсат еткен сайыста қатысушылар ұжымдық күшті, ептілікті әрі шапшаңдықты қажет ететін тапсырмалар орындады. Нәтижесінде әділқазылар шешімі бойынша Дастановтар отбасы үздік деп танылып, бас жүлдені қанжығаға байлады. I орын Бакировтар отбасына, II орын Үмбетаевтар отбасына бұйырса, Қасымовтар отбасы III орынды місе тұтты. Жарыс соңында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Меңлібаев жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, бағалы сыйлықтар табыстап, ұйымдастырушылар атынан алғыс білдірді.
Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз