Отбасылық сайыс болып өтті

189

0

Отбасылық сайыс болып өттіСырдария ауданына қарасты С.Сейфуллин ауылында «Толағай» отбасылық сайысы болып өтті. 
Сайыстың негізгі мақсаты – спорттың бұқаралығын арттыру және отбасындағы бірлік пен татулықты берік ұстану негіздерін насихаттау болды. Отбасылық сайысқа ауданның барлық ауылдарынан 10 команда өзара сайысқа түсті. Сайыс 6 кезеңді құрады. Тартысты өткен сайыста С.Сейфуллин ауылындағы Әбсадықовтар отбасы І орынды иеленсе, Қалжан ахун ауылынан келген Тілекешовтар отбасы ІІ орын және Тереңөзек кентінен Жахановтар отбасы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Сайыс қорытындысымен жеңімпаздар бағалы сйылықтармен марапатталды.