Отбасылық «Толағай» сайысы өтті

171

0

Отбасылық «Толағай» сайысы өттіОблыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі Наурыз мерекесі қарсаңында отбасылық «Толағай» спорттық сайысын ұйымдастырды.
«Мұз айдыны» спорт кешенінде өткен сайысқа отбасылар белсене қатысты. Эстафеталық сайыс 4 кезеңнен тұрды. Яғни, жылдамдыққа жүгіру, доппен кедергілерден өту, секірмек арқылы кедергілерден жүгіріп өту және баскетбол добымен шеңберге дәл түсіру.
Нәтижесінде І орынды Кемаловтар әулеті, ІІ орынды Байекеевтер әулеті және ІІІ орынды Базарбаевтар әулеті иеленді. Жеңімпаздарға сыйлық табысталып арнайы дипломмен марапатталды. Жарысқа қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Орталықтың баспасөз қызметі