Отырып ойнау волейболынан қызылордалықтар халықаралық турнирдің қола жүлдесін иеленді

69

0

Отырып ойнау волейболынан қызылордалықтар халықаралық турнирдің қола жүлдесін иелендіАқтау қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында отырып ойнау
волейболынан халықаралық турнир өтті. Оған Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс
Қазақстан облысы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда облыстарынан және
Ресей, Түркіменстан, Өзбекстаннан 10 команда қатысты.

Жарыс
нәтижесінде Қазақстан кубогының иегері, Қазақстан чемпионатында күміс
жүлдегер атанып, жоғары нәтиже көрсетіп жүрген Қызылорда облысының
командасы Өзбекстан құрамасын жеңіп, турнирдің қола жүлдесіне ие болды.
Бірінші орынды Маңғыстау облысы иеленсе, екінші орынды Ақтөбе облысының
құрама командасы еншіледі.

Үстіміздегі жылдың 13-17 мамыр аралығында Эрик
Қасқабаев пен Шыңғыс Медеуов Элблонг қаласында болатын Польша кубогынде
еліміздің намысын қорғайтын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз