Оқушылар ауыл шаруашылығындағы маңызды мәселелерді білді

44

0

Оқушылар ауыл шаруашылығындағы маңызды мәселелерді білдіНазарбаев Зияткерлік мектебінде Венгрия Республикасының «Флора» Консорциумы өкілдерімен кездесу өткізілді, деп хабарлады білім ордасының баспасөз қызметінен.
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі биылғы жылдан бастап жұмысын бастағалы отырған «Кәсіби бағдар» курсы 11, 12 сынып оқушыларының кәсіби жағынан өзіндік айқындалуына жол ашады. Курс мамандық таңдау үрдісіне ықпал ететін кәсіби бейімділік, еңбек жолына еліктіру, қабілеттілік, қызығушылық, жарамдылық және т.б. факторларды айқындауға бағытталған, бір-бірімен байланысты әлеуметтік-экономикалық, медико-биологиялық, педогогикалық және т.б. кешенді іс-шаралар жоспарынан тұрады. Аталған бағдарлама тек теориялық ғана емес, кәсіптік бағдарға ынталандыратын тәжірибелік ақпарларға да қанық.

Бастама ретінде оқушылар Венгрия Республикасының «Флора» консорциумы өкілдерімен кездесіп, ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер жайында тиісті ақпараттар алды. Әсіресе, Қазақстан жерлерінде, оның ішінде Қызылорда өңірінде коммерциялық дақылдарды өсірудің тиімді әдістері туралы жан-жақты мағлұматтар жинақтады.

Естеріңізге сала кетейік, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жұмысындағы негізгі бағыттарының бірі – ол оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, ел аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қоса алатын жастарды тәрбиелеп шығару. Осы ретте Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқу үрдісінде агро-өндіріс секторы мен және мұнай-газ саласындағы ахуалды бақылап, өңірдің даму деңгейін арттырар жолдарды қарастыруда.

Жалпы биылғы оқу жылында Назарбаев мектебінен алғаш рет 101 қызылордалық өрендер түлеп ұшқалы отыр. Кездесу барысында бітіруші түлектер өз жобаларымен бөлісе отырып, ауыр шаруашылығы саласының халықаралық деңгейдегі даму қарқынымен танысты. Сонымен қатар құрметті меймандарға арнап мектеп ауласында арнайы өсірілген жеміс-жидектер алаңы таныстырылып, Венгриялық жүгерінің тұқымдары егілді.

«Кәсіби бағдар» курсының жұмысы мұнымен тоқталмайды. Алдағы уақытта оқушылар күріш өсіруден озық шыққан «Абзал и К» компаниясы және мал шаруашылығы саласында іргелі істермен танылған «РЗА» мекемесінің мамандарымен кездесіп, тәжірибе жинақтамақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз