Оқушылар шахматтан сайысқа түсті

36

0

Оқушылар шахматтан сайысқа түстіҮстіміздегі жылдың 11-12 мамыр күндері шахматтан ҚР еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әли Мүсілімұлын еске алуға арналған шахматтан облыстық турнир өтті. Турнирге Қызылорда қаласы мен аудандардан 11 және 15 жасқа дейінгі ойыншылар қатысты. Ойын швейцар жүйесі бойынша 7 турға жалғасты. 
Екі күнге созылған сайыс қорытындысы бойынша 11 жасқа дейінгі қыздар арасында  Әмина Әбдіхалық бірінші орынды жеңіп алса, Iодан кейінгі орындарды Ағжан Бекзатқызы мен Дінасыл Ғалымжанқызы (үшеуі де Қызылорда қаласынан) өзара бөлісті. Ұлдар арасында сынға түскен Назерке Нұрғали (Қызылорда) топ жарса, екінші орынды Арал ауданынан Мейіржан Бармағанбетов, үшінші орынды Сұлтан Аманжол (Қызылорда) иеленді.
Ал 15 жасқа дейінгі қыздар арасында қатысушылардан  үздік үштікке қызылордалықтар – Самал Әбдуәли мен Ақбота Әліпбай, Арал ауданынан Сақыпжамал Бармағанбетова ілікті.  Ұлдар арасында сайысқа түскен  Әсел Серікбай (Қызылорда) барлығынан басым түссе, Жаңақорған ауданынан Әділет Ерсерік, Арал ауданынан Сағыныш Бармағанбетов шықты. Турнирдің «Ең жас ойыншысы» 6 жасар Нұрсұлтан Жарылқасын мен «Жас үміт» номинациясымен  Сұлтан Еділ марапатталды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз