Оқушылардың 92,1 пайызы мемлекеттік тілде білім алады

35

0

Оқушылардың 92,1 пайызы мемлекеттік тілде білім алады Қызылорда.  Облыста 2013/2014 оқу жылының басына 298 күндізгі жалпы орта білім мектептері жұмыс істеді. Өткен жылмен салыстарғанда ол өз деңгейінде қалды. 
Облыстық статистика департаментінің хабарлауынша, мектептердің жалпы санынан 5,7 пайызды -бастауыш, 8,4 пайызды -негізгі, 84,2 пайызды -орта, 0,3 пайызды -интелектуалдық (1 мектеп), 1,1 пайызды -даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған (3 мектеп), 0,3 пайызды -тәрбиелеудің айрықша жағдайларына мұқтаж балалар мен жасөспірімдерге арналған (1 мектеп) мектептер құрады. Мемлекеттік мектептердің саны 297 немесе 99,7 пайызды құрайды. Оларда 126831  оқушы білім алуда.
2013/2014 оқу жылының басына облыста 126944 оқушы тіркелді. Олардың саны 2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда 567 оқушыға немесе 0,4% пайызға көбейген. Бірақ, соңғы жылдары облыстың барлық аудандарында оқушылар саны азаюда.
Облыста ұлыстардың өмір сүруі мемлекеттік тіл саясатын өткізуді, ұлттық мәдениеттердің өзара іс-қимылын, одан әрі дамуын қарастырады. Қазіргі таңда облыстың күндізгі жалпы білім беру мектептерінде мемлекеттік тілде білім алу үдерісі сақталып келеді, оқушылар санынан олардың саны  92,1 пайызды  немесе 116969 оқушыны құрайды. Орыс тілінде 7,9 пайыз немесе 9975 оқушы білім алуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз