Оқырмандар «Диуани хикмет» кітабының мән-маңызын талқылады

57

0

Оқырмандар «Диуани хикмет» кітабының мән-маңызын талқыладыӘ.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап
ғылыми кітапханасы Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикмет» кітабы бойынша
оқырмандар конференциясын ұйымдастырды.
    
Естеріңізге салсақ, ЮНЕСКО-ның шешімімен 2016
жыл атақты сопы, философ, ғұлама ғалым, ақын Қожа Ахмет Иассауи жылы деп
жарияланды. Осыған орай өткен конференцияға қатысушылар ғұлама ғалымның
тіліміз бен дініміздің және түркі мұсылмандығының қалыптасуында үлкен
із қалдырғанын, шығармашылығы, сопылық ілімі туралы және «Диуани хикмет»
кітабының басты мақсаты туралы айтты. Кітапты «Болашақ» университетінің
студенттері жан-жақты талдады және Қожа Ахмет Иассауиге арналған
өлеңдерін оқыды.
    «Өнегеңмен ұлысың ұлы баба» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз