Оқырманына гүл ұсынған ақын

96

0

Оқырманына гүл ұсынған ақынШиелі ауданының орталығындағы «Салтанат  сарайында» ақын Дәулетбек Байдрахманның 70 жасқа толу құрметіне облыс жас ақындарының қатысуымен мүшайра болып өтті. Киелі Шиелінің топырағында туып өскен жерін жерұйығына теңеген ақын осыдан 5 жыл бұрын бақилық болған еді. Оның қаламынан «Гүлім болсын ұсынған», «Отан деп соққан жүректер», «Жүректегі жауҺарлар», Жырдастан», «Алдаспан» атты бірнеше жыр кітаптары оқырмандарға жол тартқан болатын-ды.  Аталмыш шараны аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев кіріспе сөз сөйлеп ашты.
        Еңбек жолын мектепте ұстаздықтан бастап, ауыл әкімі, «Нұр отан» партиясының  Шиелі аудандық филиалы төрағасының орынбасары лауазымдарымен жалғастырған Дәулетбек Байдрахманұлы азаматтық бейнесімен де ел есінде берік сақталды. Көп үшін жанын аямай, барын салып қызмет ететін  ол ортасына сыйлы, елдің қамын жеген қамқорының бірі еді. Бұл туралы салтанатты шара басында ақын Мария Жұматова, замандасы, ауданның «Құрметті азаматы» Жамалхан Баетов, туысы Наметша Бәйменовтер әңгімеледі. 
        Жыр мүшәйраға облыс орталығынан, аудандардан барлығы 15 ақын қатысып, жыр маржанын ортаға салды. Қортындысында қазылар шешімімен  бас жүлде  қызылордалық Ержан Мұхиятдиновке бірілді. Ал  жүлделі I орын қазалылық  Ғабит Кәдірбайға бұйырды. II орынды шиелілік Ғарифолла Жолтаев пен Сырдария ауданын келген Ербол Сабырбайұлы өзара бөлісті. III орынды Гүлзат Оразова (Қызылорда) мен Бақытжан Жоламанұлы (Шиелі) еншіледі. Жеңімпаздарға дипломмен қатар бағалы сыйлықтар табыс етілді. Өзге қатысушылар алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз